Қатты жел салдарынан орын алған келеңсіздіктерді жою мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаевтың @saken.kalanuly басшылығымен шұғыл жұмысшы топ құрылып, елді мекендерде зерделеу жұмыстар жүргізілді
Қазіргі мәліметке сәйкес, 10-ға жуық ауыл жарықсыз отыр. Желдің ұйытқуынан электр бағаналары зақымдалып, талдар құлап, жарық сымдарын үзілген жағдайлар көптеп тіркелген.
Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ауыл-аймақтағы жайсыздықтарды жою жұмыстары кешелі бері қарқын алды.
Аудандық электр жүйесінің басшысы Абдулвахас Курбановтың айтуынша, мекеме қызметкерлері елді мекендерге жұмылдырылған.
– 8 жұмысшы топ электр желісі зақымданған ауылдарға жөнелтілді. Әр топ 4 қызметкерден тұрады.
Бір жұмысшы топ қосымша қаралған. Жұмыстарда ең алдымен жылдамдық емес қауіпсіздік екенін өзім хабарласып айтып отырмын. Тұрғындар сабырлық танытса, жедел ретке келтіретін боламыз. Қызметкерлер кешелі бері жұмыс барысында жүр, — дейді Абдулвахас Аббасұлы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі