КЕШ ҚАРАЙСА ДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Кешегі бұрқасын желдің салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Электр желісі сымдарының көптеп үзілуі, газ құбырларының істен шығуы тұрғындардан бұрын ауылдық округ әкімдеріне салмақ салғандай.

Кешелі бері қызу жұмыстарды атқарып қана қоймай, кеш қарайса да елдің жайы үшін еңбектеніп жүрген арда азаматтардың еңбегіне де жұртшылық өз бағасын бергендей!

Аса ауылының Балнұр есімді тұрғыны ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов бастаған жұмысшы топқа алғысын білдірді.

— Кеше газ бен жарық сөніп, қорқыныш бойды биледі. Ауладағы газ құбырына үй іргесіндегі қара тал құлап, әбігерге салды. Бүгін ауыл әкімі өзі бастап келіп, арнайы техникалардың көмегімен ағашты алып, кеш қарайса да ажыраған газ құбырын дәнекерлеп берді. Рақмет айтқым келеді, — дейді ол

Leave A Reply

Your email address will not be published.