Баланың денсаулығына алаңдаған ана екпе салдыртты

  • Ғаламдық індеттің дендеуіне тосқауыл болудың төте жолы – екпе ектіру. Халықаралық сарапшылар коронавирус инфекциясын алдын алу үшін әр азамат вакцинациялауан өтуі қажеттігі маңызды шара екенін атап өтсе, күні кеше жасөспірімдер мен бала күтіміндегі және жүкті әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасы елімізге сонау кәрі құрлықтан жеткізілді.
    Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, өңірге өткен аптада жеткізілген 30 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 27-сы балаларға, 1-еуі бала күтіміндегі, 2-еуі жүкті әйелдерге салынған.
    Аудандық емханаға арнайы келген бала күтіміндегі Жұмакүл Мырзай екпені баланың денсаулығы мен болашағы үшін қабылдағанын айтады.
    – Әр отбасының алтын қазығы – бала. Оның денсаулығына ата-ана тікелей жауапты. Бүгін емханаға келіп, дәрігерлердің нұсқаулығын тыңдап, вакцина қабылдадым. Екпегі көптен бері күтіп жүрген едім. Барлықтарыңызды екпе ектіруге шақырамын, – дейді ол.
    Аурухананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаевадан екпе егу жұмыстары қалай өтіп жатқанын сұраған едік.
    – «Pfizer» вакцинасының қауіпсіздігі де тиімділігі де басқа екпелерге қарағанда жоғары. Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады, – дейді.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.