Әкімшілік сот – әділдік кепілі
Әділдік пен заң үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидалары. Осы қағидалардыңнақты өмірде жүзеге асуына ықпал ететін маңыздыинституттың бірі – әкімшілік сот. Ол азамат пен мемлекет арасындағы дауларды әділ әрі ашықшешуге арналған.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік органдардыңшешімдері азаматтардың құқықтары мен күнделіктіөміріне тікелей әсер етеді. Кей жағдайда бұлшешімдер заң талаптарына сай келмей, азаматтардың заңды мүдделерін шектеуі мүмкін. Осындай сәттерде әкімшілік сот азаматтыңқұқығын қорғап, әділдікті қалпына келтірудіңсенімді жолына айналады.
Әкімшілік соттың басты ерекшелігі – азаматтың мүддесін қорғауға басымдық берілуі. Сот процесінде мемлекеттік орган өз шешімініңзаңдылығын дәлелдеуге міндетті. Бұл азамат пен билік арасындағы теңсіздікті азайтып, әділ сот қағидатын нақты іске асырады.
Әкімшілік соттар әлеуметтік төлемдер, жерқатынастары, салық, айыппұл, лицензиялау, мемлекеттік қызметке байланысты даулардықарайды. Мұндай істердің әділ шешілуіазаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, қоғамда заңға құрмет қалыптастырады.
Әкімшілік сот – азаматтардың құқықтарынқорғаудың тиімді тетігі ғана емес, әділдік пен заңдылықтың берік кепілі. Әрбір әділ шешім – құқықтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысыИ.Қайратова