Әкімшілік сот – азаматтардың құқықтарынқорғаудың тиімді тетігі

Әділдік пен заң үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты белгілері. Ал сол қағидалардыңнақты өмірде жүзеге асуы әкімшілік соттардыңқызметімен тығыз байланысты. Бұл соттар азаматпен мемлекет арасындағы дауларды әділ шешугеарналған маңызды құқықтық тетік болыптабылады.

Әкімшілік соттың басты артықшылығыазаматтың құқығын қорғауға басымдық берілуі. Мұнда мемлекеттік орган өз шешімініңзаңдылығын дәлелдеуге міндетті. Бұл билік пен қоғам арасындағы теңсіздікті азайтып, әділ сот қағидатын қамтамасыз етеді.

Бүгінде әкімшілік соттар әлеуметтік төлемдер, жер, салық, айыппұл және мемлекеттік қызметсаласындағы дауларды қарайды. Осындай істердіңәділ шешілуі азаматтардың мемлекетке дегенсенімін арттырып, заңға құрметті қалыптастырады.

Әкімшілік сот – азаматтардың құқықтарынқорғаудың тиімді тетігі әрі әділдіктің нақты кепілі.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.М.Қожантаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.