Түсіндірудің жалпы бағыттары
1. Конституциялық комиссияның құрамы
Мемлекет басшысының жарлығыменКонституциялық комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияға шамамен 130 адам кірді. Олардыңқатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал конституциялық құқық мамандары, бизнес және корпоративтік сектор өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғаусаласының өкілдері, сарапшылар, медиа қызметкерлері, ғылыми және мәдени қауымөкілдері, Парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер бар.
Комиссия құрамына Парламентте өкілдігі бар барлық партиялардың (Amanat, Ақ жол, Ауыл, ЖСДП, ҚХП, Respublica) өкілдері де енді.
Бұл Конституциялық комиссияныңқазақстандық қоғамның негізгі салаларынтолық қамтығанын және елдегі ең біліктімамандарды бір алаңға жинағанын көрсетеді. Комиссия құрамында заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар және басқа да салалықсарапшылар бар.
Комиссияны құрастырған кезде негізі кәсібиқұзырет екені анық. Сонымен бірге оныңқұрамы ішкі тепе-теңдігімен ерекшеленеді.
Өңірлік өкілдік те қамтамасыз етілді: Комиссия құрамында елдің барлық аймағынан өкілдер, соның ішінде өңірлік мәслихаттардыңтөрағалары, қоғамдық кеңестер мүшелері жәнетәжірибелі мамандар бар.
Гендерлік тепе-теңдік те сақталған. Комиссияда ғылым, басқару және кәсіпкерліксалаларының беделді әйел мамандары бар.
Комиссия мүшелерінің барлығы, оның ішіндезаң шығару үдерісіне тікелей қатысқандар, ауқымды кәсіби тәжірибеге ие.
Осы кәсіби құрам Комиссияға жүктелген, елдіңболашағы үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің сапалы әрі уақытыменорындалғаны туралы айтуға толық негіз береді.