Конституциялық комиссияның ашықтығымен жариялылығы

Конституциялық комиссияның ашықтығымен жариялылығы

Конституцияға өзгеріс енгізумемлекетнегізіне және қоғамдық келісімге тікелейқатысты мәселе. Сондықтан оны жабықформатта немесе «тар шеңберде» талқылауғаболмайтыны белгілі.

Конституциялық комиссия қызметініңашықтығын арттыру үшін бірқатар шара қабылданды.

Біріншіден, отырыстар ресми сайт пен Конституциялық соттың әлеуметтік желіпарақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

Екіншіден, комиссия жұмысын жедел жариялаужәне ақпаратты жинақтау үшін«Конституциялық реформа 2026» дегенарнайы Telegram-арна ашылды.

Сонымен қатар комиссия мүшелерінің көбіәлеуметтік желіде белсенді. Олар өз пікірінтікелей немесе БАҚ арқылы жүздегенмыңдаған азаматқа жеткізді.

Осылайша комиссия жұмысы ашық әрі жарияформатта өтті, оның қызметі туралы ақпаратбарлық қалаған азаматқа қолжетімді болды.

Маңыздысы, тікелей эфир – тек техникалыққұрал ғана емес. Бұл қоғамға сенім мен биліктің ашық диалогқа дайын екенінің айғағы.

Мемлекет «Естуші мемлекет» қағидаты мен институционалдық жауапкершілікті жариялағансоң, Конституциялық комиссияның ашықжұмысы осы бағыттың заңды жалғасы болды.

Отырыстардың жария өтуі алыпқашпаәңгімелер мен негізсіз болжамдардың алдын алды, азаматтарға ұсынылып отырған нормалардың логикасын түсінуге жол ашты, ең бастысы – қабылданған шешімдердің заңдылығын арттырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.