Талқылау үдерісі туралы
Конституцияның жаңа редакциясын талқылаужәне әзірлеу шамамен жарты жыл уақыттыалды.
Іс жүзінде талқылау Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқынаЖолдауында парламентті реформалаубастамасын жариялаған кезден басталды.
Осы мақсатта өткен жылдың қазанындапарламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобықұрылып, ол заңнамаға өзгерістер енгізумәселелерімен тұрақты айналысты.
Сонымен бірге парламенттік реформанықоғамдық талқылау тек Жұмыс тобыменшектелген жоқ. Өткен жылдың қазанынанбастап e-Otinish және eGovплатформаларындағы «Парламенттікреформа» бөлімі арқылы азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдарданжүздеген ұсыныс келді.
Бұдан басқа, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардан қолданыстағыКонституция ережелерін қайта қарауғабайланысты 1600-ден астам ұсыныс түсті. Осы негізде Конституциялық реформа жүргізу жәнеКонституциялық комиссия құру туралы шешімқабылданды.
Мемлекет іске қосқан кері байланыс тетіктеріазаматтар тарапынан белсенді қолданылып, Конституциялық реформаға қатысты қоғамныңтүрлі көзқарастары мен нақты сұраныстарынескеруге мүмкіндік берді.
Жиналған ұсыныстар жеке-дара емес, біртұтасәрі өзара үйлескен жоба ретінде қаралды. Нәтижесінде жаңарту Конституцияның барлықбөлімін – Кіріспеден бастап конституциялыққұрылыс негіздері, сот төрелігі, мемлекеттікбасқару және азаматтардың қатысу тетіктерінедейін қамтыды.
Бұл тәсіл бұрын қолданылған жекелеген әрібытыраңқы түзетулер енгізу тәжірибесінен бас тартып, жаңа Негізгі заңның тұтас әрілогикалық құрылымын қалыптастыруғамүмкіндік берді.