Конституция жобасында адамның барлық жеке құқықтарының қол сұғылмаушылығы тікелей бекітілген — Зәкиева
— Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына нақты кепілдіктер белгілейді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты.
— Адам құқықтарының Конституция жобасында қалай бекітілетініне кеңірек тоқталуға рұқсат етсеңіздер. Біріншіден, 2-бөлімнің атауы өзгереді. Қазіргі «Адам және азамат» атауының орнына «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деген атау ұсынылады. Бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ міндеттерінің басым маңызға ие екенін айқын көрсетеді. Екіншіден, аталған бөлім құрылымдық тұрғыдан 29 түрлі құқықты, бостандықты және міндетті қамтиды. Конституция жобасында бекітілетін барлық құқық пен бостандықтар оларды іске асыру шарттарымен қатар белгіленеді. Алайда, кейбір құқықтар, мысалы өмір сүру құқығы ешқандай шартпен шектелмейді, — деді ол.
ℹ️ @qazaqparat_kz