Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасы бойынша Президент елдің азаттығына қалай кепіл болатынын айтты

Қазақстанның егемендігі өзгермейді – Конституциялық реформа

– Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасы бойынша Президент елдің азаттығына қалай кепіл болатынын айтты.

— 23-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға жол берілмейтіні бөлек норма ретінде айқындалған. 46-баптың 17-тармағында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнсе, Президенттің тиісті шешімдер қабылдауға құқығы бар екені айтылған, — деді Ерлан Қарин.

🔹Оның айтуынша, жаңа Конституцияның жобасында егемендік сөзі 6 рет кездеседі.

— 2-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды деген бұлтартпас норма бар. Осы баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі өзгермейді деп дәл көрсетілген. Ал 4-баптың 1- тармағы мынандай формада айғақталған: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы». Егемендіктің иесі халық екені Конституцияда тұңғыш рет айқындалып отыр. Қазір қолданыстағы Ата заңда мұндай ұғым, түсінік, формулировка жоқ, — деді Мемлекеттік кеңесші.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.