Конституция халықаралық келісімдерден басым тұруы керек — Мұрат Әбенов

Конституция халықаралық келісімдерден басым тұруы керек — Мұрат Әбенов

— Жаңа Конституция жобасында халықаралық келісімдер өз күшін сақтайды, алайда Конституция ғана ең жоғары құқықтық күшке ие болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының мүшесі Мұрат Әбенов комиссияның жетінші отырысында айтты.

— Біз әріптестеріммен бірге ұсынылған норма жобаларын мұқият зерттедік және жаңа Конституция жобасында халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалары мен Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдердің құқықтық күшіне күмән келтіретін баптар жоқ екенін айту маңызды деп есептейміз. Қазақстан өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынас принципіне және негізгі универсалды халықаралық келісімдерге, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы келісімдеріне басымдық беруді жалғастырады, — деді Мұрат Әбенов.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.