Мемлекеттік кеңесші: Қазіргі Конституцияда «тарих» сөзі мүлде жоқ
– Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында тарихқа неге көп мән берілгенін түсіндірді.
— Жаңа Конституцияда мыңжылдық тарихымыз тұңғыш рет басты құндылық ретінде жазылып, жарияланды. 1995 жылы қабылданған Конституцияда тарих туралы бір сөз жоқ. Жаңа Конституцияда тарихымыз тұңғыш рет декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітіліп отыр, — деді ол.
Мемлекеттік кеңесші Ата заң кіріспесінде тарихпен оралымдар бар екенін еске салды.
— Ұлы дала, мыңжылдық тарих деген ұғымдар Қазақстанның тарихи субъект екенін паш етеді, әрі бұлар мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ұғымдар, — деді Ерлан Қарин.
ℹ️ @qazaqparat_kz