КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Жуырда Жастар ресурстық орталығында Конституция мәселесіне арналған кездесу өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Ошақбай, сондай-ақ спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандар қатысты.

Жиын барысында ел дамуы үшін аса маңызды саналатын Ата Заңның рөлі, оның қоғам өміріндегі орны мен мәні жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі негізгі тетік екенін атап өтті.

Сонымен қатар спорт саласын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайту мәселелері де сөз болды. Конституциялық құндылықтарды насихаттау арқылы жауапкершілігі жоғары, ел болашағына бейжай қарамайтын ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет екені айтылды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.