Конституциялық реформа: аудандық деңгейдегі жүйелі жұмыс
Жамбыл ауданында Конституциялық реформа аясында аудан көлемінде құрылған ақпараттық топтар мен штабтардың қатысуымен жиын өтті. Кездесу барысында ҚР жаңа Конституциясының жобасы таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы пысықталып, халықпен кері байланысты күшейту және алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

