Кітапхана қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Білім мен ой-сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын кітапхана қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдіреді.

Кітапхана – тек кітап сақталатын орын ғана емес, ол ұлттың рухани қазынасын сақтап, зияткерлік әлеуетін дамытатын маңызды мәдени-ағартушылық орталық. Қоғамның білім деңгейін көтеру, жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту, отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру жолында кітапхана қызметкерлерінің еңбегі айрықша.

Жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтуға, әділетті әрі жауапты қоғам құруға бағытталған маңызды құжат деп білеміз. Бұл бастама мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне, сондай-ақ мәдениет пен білім саласының жүйелі дамуына тың серпін береді деп сенеміз.

Кітапхана саласының мамандары ретінде біз қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, халыққа конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіруге, ақпараттық қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз. Өйткені саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағының берік негізі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.