Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі – қоғам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі
Сіздің өзіңіздің балалық шағыңыз есіңізде ме? Ең сүйікті және қалаулы затыңыз не еді? Әрине, ойыншық! Бала туылғаннан бастап үйде ойыншықтар пайда болады. Міне сондықтан ойыншықты таңдаған кезде өте мұқият болу қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерімен ойыншықтардың қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүргізілгендігіне бірінші жыл емес. Әр тексеру жүргізілген сайын қауіпті зат дүкен сөрелерінен табылуда. Алайда сатып алушылардың өзіне де балалар ойыншықтары мен ойындарын сатып алу кезінде мұқият болғаны жөн. Ойыншықтың иісіне, сыртқы түріне: балаға зақым келтіретін өткір жиектерінің бар жоғына, бөгде иістің болуына, бояуының ағпайтындығына мән беру қажет.
— сапасын және қауіпсізідігін растайтын құжатының болуы.
— сырт келбетінің жағдайы, иіс пен дыбыс деңгейі, бояуына (бояуы жұқпауы керек);
— балалар тауарларының таңбалауы келесі ақпаратты қамту қажет: өндірушінің мемлекеті, өндірушінің фирмалық аты-жөні, мекен жайы, қолдану тәсіліне аса мән беру керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда топтарда жас ерекшеліктеріне сай ойыншықтар болу қажет. Сыртта ойнағанға және оқшаулау болмесіне бөлек-бөлек ойыншықтармен жабдықталуы керек. Арнайы орында сақтап, талапқа сай өңделеді. Жаңадан сатып алынған ойыншықтарды топтарға берер кезде сабынды-содалы ерітінді қосылған сумен жуып, шайып кептіріп өңделу қажет.
Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі – тек өндіруші мен сатушының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізе отырып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды міндетті атқарады. Қауіпсіз ойыншық – сау балалық шақтың кепілі.
Құрметті ата-ана! Балаларыңыздың дені сау, мейірімді және ашық болу үшін балалар тауарларын алған кезде мұқият қараңыз, иіскеп, ұстап көріңіз.
Әбділда Ғабит Әлімұлы,
Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы