Айтыскер ақын Айтмұханбет Исақовтың пікірі

Айтыскер ақын Айтмұханбет Исақовтың пікірі

Мен, айтыс өнерінің өкілі ретінде, Конституциялық реформаны қолдаймын. Бұл — ел болашағын айқындайтын, халықтың үні мен мүддесін биіктететін маңызды қадам деп есептеймін. Өнер — қоғамның айнасы. Ал қоғам әділетті, заң үстемдігі берік болғанда ғана өнер де өркендейді.

Бабалар аманат еткен тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетіміздің тұғырын бекемдеу жолындағы мұндай реформалардың орны ерекше. Өзгерістер ел бірлігін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға жаңа серпін береді.

Айтыс — ақиқаттың мінбері. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамайтын өнер адамы ретінде, халық игілігіне бағытталған конституциялық бастамаларды қолдаймын. Жаңару жолындағы әр қадам — жарқын келешекке бастайтын даңғыл жол деп сенемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.