Жас айтыскер ақын Нұрлыбек Құрмановтың пікірі

 

Жас айтыскер ақын Нұрлыбек Құрмановтың пікірі

Мен, жас айтыскер ақын ретінде, ұсынылып отырған Конституциялық жобаны қолдаймын. Бұл бастама — еліміздің болашағын баянды етіп, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп білемін. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы реформалардың әрқайсысы халықтың үніне құлақ асатын, заң үстемдігі орныққан мемлекет қалыптастыруды көздейді.

Айтыс — ел мұңын жырлап, халықтың сөзін сөйлейтін өнер. Сондықтан ел өміріндегі елеулі өзгерістерге бейжай қарау бізге жат. Конституциялық жоба азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, жастарға да үлкен мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Бұл — талантты жастардың еркін дамуына, өнердің өркендеуіне жол ашатын маңызды қадам.

Еліміздің ертеңі кемел, болашағы жарқын болуы үшін жас ұрпақ реформаларды қолдап, игі бастамаларға үн қосуы керек деп есептеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.