“Super-Pharm” фармацевтикалық компаниясының директоры Әділхан Әмірхановтың пікірі

“Super-Pharm” фармацевтикалық компаниясының директоры Әділхан Әмірхановтың пікірі

Мен, “Super-Pharm” фармацевтикалық компаниясының директоры ретінде, елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаны толық қолдаймын. Бұл бастама — мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтып, кәсіпкерлік пен өндіріс саласының дамуына жаңа серпін береді деп сенемін.

Біздің зауыт Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылында орналасқан. Кәсіпорында бірреттік медициналық құралдар өндіріліп, отандық денсаулық сақтау саласын сапалы өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып келеміз. Конституциялық өзгерістер заң үстемдігін күшейтіп, инвесторлар мен отандық өндірушілер үшін ашық әрі әділ орта қалыптастыруға жол ашады.

Мұндай реформалар өндіріс орындарының кеңеюіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірлік экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді. Ең бастысы — халық игілігіне қызмет ететін сапалы медициналық өнімдер өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан ел болашағы үшін маңызды бұл бастамаларды қолдай отырып, мемлекетіміздің өркендеуі жолында еңбек ете береміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.