Мен — жас спортшы ретінде еліміздің болашағына бейжай қарамаймын. Спорт маған тәртіпті, жауапкершілікті және әділдікті үйретті. Бұл құндылықтар тек спорт алаңында ғана емес, қоғам өмірінде де аса маңызды деп санаймын. Сондықтан да ұсынылып отырған Конституциялық жобаны қолдаймын.
Ата Заң — кез келген мемлекеттің берік іргетасы. Онда ел дамуының негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айқын көрініс табады. Жаңа конституциялық бастамалар халықтың үніне құлақ асатын, әділетті қоғам құруға бағытталған деп сенемін.
Спортшы ретінде мен тең мүмкіндік болғанын қалаймын. Әр жас өз қабілетін дамытып, биік жетістікке жетуге жағдай жасалуы тиіс. Конституциялық жоба дәл осы мүмкіндіктерді кеңейтіп, жастар саясатын, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді деп ойлаймын.
Біз, жастар — ел ертеңіміз. Сондықтан мемлекетіміздің дамуына оң ықпал ететін реформаларды қолдау — біздің азаматтық борышымыз. Конституциялық жобаны қолдау арқылы біз тұрақтылықты, бірлікті және жарқын болашақты таңдаймыз.
Мен барша жас спортшыларды, жастарды ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, оң өзгерістерді қолдауға шақырамын. Бірге біз мықты, әділетті әрі қуатты Қазақстанды құрамыз!