Медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасымен танысты
Жамбыл аудандық емханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында дәрігерлерге еліміздің жаңа Конституциясының жобасы таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның жобасы қоғамның сұранысына сай әзірленгенін, елдің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуына бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Дәрігерлер өз кезегінде жобаның медицина саласына, азаматтардың денсаулық сақтау құқығына тигізер оң әсерін талқылады.
Жаңа Конституцияның жобасына қатысты соңғы шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатыны айтылды. Бұл қадам әрбір азаматтың пікірін ескере отырып, қоғам үшін маңызды және келешекке бағдарланған шешім болып табылады.
