Жаңа конституция жобасындағы өзгерістер талқыланды
Абай атындағы орта мектебінде мектеп ұжымы мен Жамбыл ауданының әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков және Жамбыл аудандық маслихат төрағасы Мұхтар Шайдаевтың қатысуымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды.
Конституцияның жаңа жобасы – бұл жай ғана құжат емес, бұл халықтың ертеңгі күніне деген сенімі. Онда білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Жаңа өзгерістер қоғамдағы әділдік, жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Әрбір өзгеріс – мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтудың бір жолы.
