Жаңа Конституция жобасы – қоғаммен ашық диалогта

Бүгінде қала аумағында Конституциялық заң жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жібек жолы ауданында құрылған жұмысшы топ ауданның зиялы қауымымен және ардагерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға ҚР Конституциясының жаңа жобасы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы қоғамда кең ауқымды талқылау мен сараптамалық қараудан өткен маңызды құжат екені айтылып, оның мәтінінде көптеген бөлімдер мен баптар қайта қаралып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде оқытушылар мен студенттерге жаңа Конституция жобасында енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпарат беру және конституциялық реформалардың мақсаттары мен мазмұнын бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел білім беру қатысушыларының құқықтық хабардарлығын арттырып, студенттердің құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін арттырды.

Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтар мен ерекшеліктеріне тоқталды. Жиынға сонымен қатар Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетінің қауымдастырылған профессоры, Тараз қалалық мәслихаттың депутаты Кенжеғали Шилібек қатысып Ата Заңның жаңа жобасын түсіндірді.

«БАЙТАҚ» жасылдар партиясы қалада түсіндіру жұмыстарын қарқынды атқарып келеді. Тараз Мамандандырылған колледжінде партияның «Жас Байтақ» жастар қанатының ұйымдастыруымен студенттермен мазмұнды кездесу өтті. Жиында конституциялық реформаның маңызы түсіндіріліп, экологиялық қауіпсіздік, жаһандық жылыну, қоршаған ортаны қорғау мәселелері қозғалды.

Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру жұмыстары аясында қалалық спикерлер М.Жұманқұлов пен С.Жетибаев қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталық қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде медицина саласының қызметкерлеріне жаңа реформаның өзектілігі мен тиімді тұстары жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер конституциялық реформа әр азаматтың құқығы мен болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи оқиға екенін жеткізді.

№3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Мәжіліс депутаттары Е.Далабай мен Н.Саурықовтың қатысуымен Конституциялық реформалар жөнінде мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы кеңінен түсіндіріліп, оның негізгі бағыттары мен маңыздылығы жайында жұртшылықтың ойлары ортаға салынды.

В городе продолжается разъяснительная работа по проекту Конституционного закона. В районе Жибек жолы рабочая группа провела встречу с представителями интеллигенции и ветеранами.

Участникам была представлена подробная информация о новом проекте Конституции Республики Казахстан. Отмечено, что проект нового Основного закона страны является самым важным документом, прошедший широкое общественное обсуждение и экспертную оценку. В проекте пересмотрен ряд разделов и статей, а также предусмотрены изменения, направленные на усиление защиты прав и свобод граждан и повышение эффективности государственных институтов.

В Жамбылском инновационном высшем колледже состоялся круглый стол с участием преподавателей и студентов. Его целью стало разъяснение ключевых нововведений проекта Конституции и формирование единого понимания задач и содержания реформ. Круглый стол способствовал повышению правовой осведомлённости, укреплению правового сознания студентов и их гражданской ответственности.

Аким района Әулиеата Барлык Тореханов провёл встречу с коллективом Управления государственных доходов по городу Таразу, где рассказал о новшествах и особенностях проекта новой Конституции. Также в обсуждении принял участие ассоциированный профессор Казахского национального университета водного хозяйства и ирригации, депутат Таразского городского маслихата Кенжегали Шилибек, который разъяснил основные положения документа.

Партия зелёных «БАЙТАК» активно ведёт информационно-разъяснительную работу. В Таразском специализированном колледже по инициативе молодёжного крыла «Жас Байтақ» прошла встреча со студентами, в ходе которой была подчеркнута значимость конституционной реформы и затронуты темы экологии, глобального потепления и охраны окружающей среды.

В рамках разъяснительной кампании спикеры М. Жуманкулов и С. Жетибаев встретились с сотрудниками городской многопрофильной больницы и консультативно-диагностического центра. Медицинским работникам подробно рассказали об актуальности и преимуществах реформы, отметив, что изменения в Конституции имеют важное значение для будущего каждого гражданина.

В областной специализированной детско-юношеской спортивной школе №3 с участием депутатов Мажилиса Е. Далабая и Н. Саурыкoва прошла встреча, посвящённая Конституционным реформам. Участникам подробно разъяснили положения проекта нового Основного закона и обсудили его ключевые направления и значение для страны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.