Жамбыл ауданында «Pfizer» екпесінің 120 дозасы салынды

Екпе қабылдау – бала денсаулығы үшін және оның келешегі үшін аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Елімізге коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында америкалық

«Pfizer» екпесі жеткізілген болатын. Жамбыл аудандық орталық ауруханасына бұл екпенің 120 дозасы әкелініп, толықтай игерілсе, күннен-күнге тұрғындардың екпеге деген жақсы көзқарасы қалыптаса бастаған.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы бастаған мемлекеттік қызметшілер екпе егу бөлмесіне ұл-қыздарымен келді.

«Pfizer» екпесіне келісім беріп, егу процесіне куә болды.

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге, 42 күннен асқан емізулі аналарға салынады.

Бүгінде вакцинаның 101 дозасы жасөспірімдерге, 13 дозасы емізулі аналарға, 6 жүкті анаға егілген. Сондай-ақ өңірге қосымша тағы 90 доза вакцина жеткізілген.

16 жастағы Шапағат ата-анасының рұқсатымен екпені қабылдады. Бұл туралы Ерлан Қыдыралыұлы:

– Күллі әлемге тараған коронавирус инфекциясының белең алуына тосқауыл болу үшін отбасымызбен екпе қабылдағанбыз. Отбасы мен жақындарымыздың денсаулығы қай-қайсымыз үшін де маңызды. Отбасымызды тек Шапағат қызым ғана вакцинациялаудан өтпеді Ол кезде жасөспірімдерге салынатын вакцина түрі әзірлене қойған жоқ еді. Міне бүгін жергілікті емханаға келіп, Pfizer» вакцинасын салдырды. Өзімде куә болдым. Бастысы – отбасымның амандығы, халықтың саулығы,– дейді Ерлан Қыдыралыұлы бізбен әңгімесінде.

 

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.