Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақтың пікірі:
Конституция – елдің құқықтық қана емес, рухани тұтастығын айқындайтын басты құжат. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Ата Заңның жаңаруы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл реформалар елдің демократиялық дамуын жеделдетіп, ұлттық бірлікті бекемдей түсетініне сенім мол.