Есеева Рахия Райкуловна, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры:
Конституция – ел болашағын айқындайтын ең маңызды құқықтық құжат. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер білім беру саласының дамуына серпін беріп, жас ұрпақтың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Ата Заңда білімнің қолжетімділігі мен сапасына басымдық берілуі – қоғамның зияткерлік әлеуетін арттырудың басты шарты. Бұл реформалар оқушыларды заңды құрметтеуге, жауапкершілік пен әділеттілік құндылықтарын бойына сіңіруге жол ашады. Жаңарған Конституция – саналы, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі.