Ауыз су саласы мамандарымен Конституция жобасы талқыланды

Ауыз су саласы мамандары Конституция жобасын талқылады

🔹Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков пен аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев ауыз су саласының мамандарымен, яғни ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандардың қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасы бойынша түсіндіру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

🔹Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар кеңінен сөз болды. Әсіресе елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту және өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселелерін шешуге қатысты құқықтық тетіктер талқыланды.

🔹Кездесуге қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде Нұрлан Күдербайұлы Конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, мұндай ашық пікір алмасулардың, әсіресе халықты ауыз сумен қамту саласы үшін маңызды екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.