Айтыскер ақын Ғабит Есдәулетовтың пікірі:

Айтыскер ақын Ғабит Есдәулетовтың пікірі:

 

Конституцияның жаңа жобасына қатысты өз ойымды білдіруді азаматтық парызым деп білемін. Ата заң — мемлекеттің темірқазығы, елдігіміздің айнасы. Сондықтан оның әрбір бабы халықтың мұң-мұқтажымен, ұлттық болмысымызбен үндес болуы тиіс деп санаймын.

Мен үшін ең маңыздысы — әділдік пен теңдік. Заң алдында бәрі бірдей болып, қарапайым халықтың құқығы қорғалса — міне, нағыз Тәуелсіздіктің көрінісі сол. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесі, ұлттық құндылықтар мен руханият мәселесі де Конституцияда айқын әрі нақты көрініс табуы керек деп ойлаймын. Өйткені тіл — ұлттың жаны, рухы.

Жаңа жоба елдің бірлігі мен тұтастығын нығайтып, жастардың болашағына сенім ұялататын, халықтың билікке деген сенімін арттыратын құжат болса екен деген тілегім бар. Халық үніне құлақ асатын, әділетті қоғам құруға негіз болатын Конституция ғана елді алға бастайды.

Ел тағдырына қатысты мұндай маңызды құжатқа бейжай қарамай, өз пікірін білдіріп жатқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Бірге талқылап, бірге түзеген заң — берік заң.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.