Жаңа Конституциядағы адам құқығы мен азамат құқығының айырмашылығы неде
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Х отырысында Нархоз университетінің профессоры Виктор Малиновский жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен азамат құқығының айырмашылықтарын атады.
— Конституция жобасындағы 14-баптың тұлғаның құқықтық жағдайымен байланысты ұстанымдарына байланысты пікір білдіргім келеді. Біріншіден, баптағы 14-баптың 2-тармағын адамның құқығы мен еркіндігі Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқықтың мәні мен мазмұнын, қолдану тәртібін айқындайтыны туралы ережемен толықтыру аса маңызды деп есептеймін. Конституцияда жария етілген адамның, азаматтың құқықтары мен еркіндігі заң шығарушы, атқарушы органдар мен сот билігінің кез келген заңын, заңға бағынысты, нормативтік және басқа да құқықтық актісін қабылдауға негіз қалаушы критерий және мақсат болуға тиіс. Бұл жерде адамның құқықтары мен еркіндігінің мемлекеттік басқару, норма шығару, құқық пайдалану салаларында, сондай-ақ, мемлекеттің құқық қорғау қызметіндегі басымдығын айту орынды және жол беріледі, — деді ғалым.
Заңгер, жобадағы 14-баптың 3 тармағына Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін тікелей және екіұшты етпей бекіту керектігін айтады.
— Қазақстан Республикасының азаматына құқықтар мен міндеттер азаматтық мәртебеден туындайды, яғни, бұлар адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысынан туындайды деп тікелей әрі екұшты етпей жазылу керек. Конституциядағы мұндай нақтылаудың қағидатты мәні бар. Өйткені адамның құқықтары мен азаматтың құқықтарын айқын ажыратып тұр. Бұл – Конституциялық құқықтың теориясы мен практикасындағы жалпы қабылданған тәсіл, — деді Виктор Малиновский.
ℹ️ @qazaqparat_kz