Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Жомарт Түлек» жобасы өңірлерде жалғасын табуда.
Жамбыл ауданына қарасты Бірлесу-Еңбек орта мектебінің 2000 жылғы түлегі Талап Нұрбаев білім ордасына су бұрқақ тарту етті.
Құрылсына 2 млн теңге жұмсаған кәсіпкер, елге қызмет етудің үлгісін көрсетіп отыр.