Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

Бүгін Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған
«Аққуар ұйықтағанда» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өтті.
Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының ең биік шыңдарының бірі саналатын лирик ақын, ерекше поэтикалық ойлауымен миллиондаған оқырманның жүрегін жаулаған тұлға. Оның мұңы мен сүйініші, өмір мен махаббат туралы терең толғаныстары ұлттық әдебиетті жаңа белеске көтеріп, қазақ сөз өнерінің көркемдік шегін кеңейтті.
Ұлы ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды шығармашыл кеш Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда » поэмасының желісімен сахналанған театрландырылған қойылыммен басталды.

Көрермен жүрегіне жол тапқан кеште ақиық ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.