*Волонтерлік – жүректен шыққан жақсылық*
Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне орай Жамбыл ауданында ерікті жастар тобы құрылып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды.
Бұл игі іс – жастардың жанашырлығы мен қоғамға деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Қиын сәтте қолдау көрсетіп, жақсылық жасау – волонтерліктің басты құндылығы.
Барша ерікті жастарға белсенділігі мен мейірімді жүректері үшін алғыс білдіреміз!
Жақсылық жасау – әрқашан сәнде.

