Мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік шара

2026 жылдың 5 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №2 орта мектебінің оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында әдістемелік күн өткізілді.
Мектептің жылдық жоспары, 3 жылдық салыстырмалы талдауы, оқу жоспары, мектеп әкімшілігінің сабаққа қатысуы, сапалық құрамы, ҰБДҚ жүргізілуі, пән мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысуы, ТЖБ, БЖБ жүргізілуі, мектепішілік бақылауға қойылған сұрақтардың қаралатын деңгейі, білім сапасының 3 жылдық салыстырмалы талдауы, вариативті курстардың жүргізілуі, пән мұғалімдерінің аттестациядан өтуі, оқушылардың халықаралық зерттеулерге дайындығы, «күнделік.кз» электрондық журналының жүргізілуі, мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығы, алынған сынама жұмыстарының талдауы оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, пән мұғалімдердің білім жетілдіру курсынан өтуі, әдістемелік кеңестің жүргізілуі, үйде оқыту мен инклюзивті білім беру жағдайы, кітапхана қорының жүргізілуі бойынша ұсыныстар берілді. Ю.Гагарин мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Г.Оразалиева 9 сыныпта «Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес пән мұғалімдерінен кері байланыс алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.