“Ұлттық құндылықтар” – ұрпақ тәрбиесінің өзегі
Тілдер апталығы аясында “Сөйлеу шеберлігі” үйірмесінде “Ұлттық құндылықтар” тақырыбында ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында білім алушылар халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық тәрбие мен рухани мұра туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін еркін жеткізді. Шешендік өнерге баулитын түрлі тапсырмалар орындалып, қатысушылардың сөйлеу мәдениеті мен сөз саптау шеберлігі шыңдала түсті.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ана тіліне деген құрметін арттыру және көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру болды.
Үйірме жетекшісі: Балауса Базарбайқызы
Ұйымдастыру деңгейі жоғары, мазмұны терең тағылымды сабақ өтті.
#ТілдерАпталығы #СөйлеуШеберлігі #ҰлттықҚұндылықтар #АшықСабақ #РуханиТәрбие

