КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
🔹ҚР жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында Гродиково ауылдық округінде арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, округ әкімі Нұрлан Рахманалиев, ауыл ақсақалдары мен округ тұрғындары қатысты.
🔹Жиын барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Ата Заңның ел дамуы жолындағы стратегиялық маңызы, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы рөлі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты құжат екені ерекше атап өтілді.
🔹Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, Конституцияны түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.
