Үкімет 2025: Экономиканы нығайтудағы нақты қадамдар

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

📌 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті.

💬Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды.
Жалпы, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз етті: Оның ішінде көлік – 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.

📱 @KZgovernment

Leave A Reply

Your email address will not be published.