Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Райымбек Сейітов және аудан әкімінің орынбасарлары орталықтағы Ардагерлер үйіне арнайы барып, асқаралы 70 жасқа толған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевты мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Ардагерлердің атсалысумен өңірде біршама жұмыстар жүйеленіп келеді. Есептік кездесулер мен қабылдауларда ауыл-аймаққа шын қажет игіліктер туралы бастама көтеріп, кемшіліктерді айтып, жол сілтеп жүрген қазына қариялар бүгінде тұрақтылық пен татулықтың тізгінін мықтап ұстап отыр. Ал Бақыт Уәлиұлының өңірге сіңірген еңбегін бірауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әлі аттан түспеген ағамыздың өнегелі өмір жолы баршамызға бұйыртсын, – деген Сәкен Қаланұлы ардагерге шапан жауып, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде сөз алған Бақыт Уәлиұлы елеп-ескере келген аудан басшыларына ризашылығын білдірді.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,