Конституциялық реформалар – ел дамуының жаңа кезеңі

Конституциялық реформалар – ел дамуының жаңа кезеңі

🔹Ауданда ардагерлер қауымымен конституциялық реформаларды талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахыт Сырлыбаев, сондай-ақ ауданның ақсақалдары мен белсенді ардагерлері қатысты.

🔹Кездесу барысында Махпал Досымбекова конституциялық реформалардың мән-маңызына тоқталып, олардың ел басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Өз кезегінде ардагерлер қариялардың ел дамуындағы орны ерекше екенін айтып, аға буын өкілдері қашанда қоғамдық тұрақтылық пен бірліктің ұйытқысы болып келе жатқанын тілге тиек етті. Ол конституциялық өзгерістерге байланысты ардагерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

🔹Жиын барысында ақсақалдар да өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Олар реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын қолдай отырып, жастарға құқықтық тәрбие беру, патриоттық құндылықтарды нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін айтты.
@erlan_qydyralyuly
@serik.salemov
@mahpaldosymbekova

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.