Кітапханашылар Конституция жобасын талқылады
🔹Бүгін аудандық кітапханада ұжым қызметкерлерінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Басқосу барысында кітапханашылар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын кеңінен талқылады.
🔹Жиынға арнайы штаб мүшелері қатысып, конституциялық реформалардың негізгі бағыт-бағдарын түсіндірді. Олар өзгерістердің мән-маңызына тоқталып, ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-ойларымен бөлісті.
🔹Мұндай мазмұнды кездесулер азаматтық жауапкершілікті арттырып, құқықтық сауаттылықты нығайтуға өз үлесін қосады.
@erlan_qydyralyuly
@serik.salemov
@mahpaldosymbekova