Тараз қаласында жұмыс істеп тұрған маңызды өндіріс орындарының бірі – «Жамбылгипс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрғақ құрылыс қоспалары мен гипс материалдарын шығаратын бұл зауыт мемлекеттік «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған. Бүгінде кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
Компания президенті Андрей Промченконың айтуынша, кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып гипс материалдары мен құрғақ қоспалар өндіретін еліміздегі жетекші өндіріс орындарының бірі саналады.