Аймақта кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және екінші деңгейлі банктер арқылы несие алу мүмкіндігін кеңейту бағытында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы шамамен он бес жылдан бері жүйелі жұмыс істеп келеді. Қордың қолдауымен өңірде бірқатар өндірістік жобалар жүзеге асырылып, кәсіпорындардың дамуына нақты серпін берілуде. Соның ішінде «Ерсад – 2021» және «Достық и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жобаларын ерекше атап өтуге болады.
Қазіргі таңда «Ерсад – 2021» ЖШС «Super Pharm» фармацевтикалық зауытына қажетті шикізат өндірумен айналысады. Мұнда «спанбонд» деп аталатын тоқыма емес материал шығарылады.