Бақыт Нұрмұханов: Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді
ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциялық жобаның маңызын түсіндірді.
«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл норма Қазақстанның жас мемлекет емес, тарихы тереңде жатқан ел екенін көрсетеді», — дейді ол.
#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026