ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Бірлесу-Еңбек ауылындағы қуаныш Айша бибі ауылында жалғасты. Мұнда тұрғын үй салуға 382 жер телімі кезектілік тәртібі бойынша үлестірілді. Негізі ауылда 1040 азамат жер кезегіне тіркелгенін айтады ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Әзімхан Жарлығапов.
Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысып, айшабибіліктерді мерекемен құттықтап, жер телімінің құжаттарын табыстады.
– Өңірді айтпағанда, Айшабибі ауылында биыл ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ескі мектеп күрделі жөнден көріп, ата-аналар сұранысы бойынша Жібек жолы көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды. 300 орындықты заманауи үлгідегі мектептің құрылыс жұмыстары да бел ортасынан асты. Келер жылы игілікке береміз деп отырмыз.
Сондай-ақ баспана саламын деген азаматтарға жер телімі берілуде. Осында салған үйлеріңіз қарашаңыраққа айналып, ішінен бала-шағаның сыңғыр күлкісі естіле берсін, – деді НұрланКүдербайұлы.
Ауыл азаматтарының қуанышы ерекше. 11 жыл бұрын кезекте тұрған Жасұлан Дүйсенбиев: «Жергілікті әкімдік қызметкерлері қуанышты жаңалықпен бөліскенде қатты қуандым. 2010 жыл жер кезегіне тіркелген едім. Өткен жылы аудан басшысына ауыл азаматтарымен бірге осы өтінішімізді жеткіздік. Бүгінде орындалып жатыр», дейді ол.
Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы