Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жанданып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған 2030 жылға дейінгі салалық бағдарлама аясында өңір кәсіпкерлері балық өсіруге белсенді кірісуде. Солардың бірі — Жанат Шайділдаева жетекшілік ететін «Ақ-мол – 2017» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі. Кәсіптің басты мақсаты — тұрғындарды экологиялық таза балық өнімдерімен қамтамасыз етіп, өңір экономикасына үлес қосу.