Конституция – білім мен болашақтың берік негізі

Конституция – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат. Ол әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғап, қоғамдағы әділдік пен теңдікті қамтамасыз етеді. Әсіресе, білім саласы үшін Конституцияның маңызы зор. Себебі сапалы білім алу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы.

Бүгінгі таңда білім мен технология қарқынды дамып келеді. Сондықтан Ата заңымыз заман талабына сай жетілдіріліп, жастардың сапалы білім алып, еркін еңбек етуіне, кәсіп бастауына және ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік беруі тиіс. Конституцияға енгізілетін оң өзгерістер – ел болашағына жасалған инвестиция.

Заңға құрмет – мемлекетке құрмет. Ал оны қолдау – жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.