Жамбыл облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді

2026 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметтері және жауапты мекемелер кешенді дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді мекендерді ықтимал су басу қаупінен қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін аса маңызды.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, облыс аумағында жердің қату деңгейі Тараз қаласында 12 см, Қордай ауданында 30 см шамасында тіркелді. Қазіргі таңда елді мекендерден қар шығару жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Жалпы су тасқыны қаупі бар аймақта 42 елді мекен орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.