📍 Халықтық Конституция үшін Коалиция – Жамбыл облысында
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
🔹 Тараздағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен кездесуге 500-ге жуық тұрғын – зиялы қауым, ардагерлер, дәрігерлер, педагогтар және қоғам өкілдері қатысты.
🔹 Студент жастармен арнайы кездесу өтіп, оған 500-ден астам жас қатысты.
🔹 «Қазфосфат» ЖШС еңбек ұжымымен, Super-pharm фармацевтикалық зауыты қызметкерлерімен жүздесу ұйымдастырылды.
🔹 Аса ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылар – шағын және микробизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Ерлан Қошанов жаңа Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жүйелі реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Құжат кең ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі ретінде әзірленген.
🗳 Оның айтуынша, референдум – ел бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын тарихи қадам. Әлем тарихындағы маңызды референдумдар секілді, бұл оқиға да Қазақстан тарихында ерекше орын алады.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазіргі күрделі геосаяси кезеңде ішкі тұрақтылық пен жүйелі реформалардың маңызы зор екенін айтты.
Ал депутат Дәулет Мұқаев «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы азаматтардың өз өмірін өзгертуіне нақты мүмкіндік беріліп жатқанын жеткізді.
Кездесулер барысында жаңа Конституция жобасындағы негізгі новеллалар таныстырылып, «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатының басты ұстаным екені айтылды.
Жамбыл облысының тұрғындары Қуатты, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құру ісіне үлес қосуға дайын екендерін білдірді.

