ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АЛТЫНБЕКОВ НҰРСҰЛТАН СӘКЕНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Алтынбеков Нұрсұлтан Сәкенұлы, 1990 жылы 23 ақпанда Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

2011 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «География» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2012 жылы Өрнек ауылындағы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепте «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысшы болып бастадым. 2013-2024 жылдары Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің тәлімгері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. 2024 жылдың 20 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі қызметін атқарып келемін.

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҰМЫТ ҚАЛДЫРМАЙМЫН

Тоғызтарау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер ретінде алдағы сайлауға түсу мен үшін үлкен жауапкершілік деп білемін. Дана халқымызда «Жақсыдан әкім қойсаң елді түзетер, қамқор боп елі тұрған жерді күзетер» деген сөз бар. Егер де сайлау барысында сіздердің қолдауларыңызға ие болып жатсам, ауылды өркендетуге бар күш-жігерімді жұмсаймын. Сондай-ақ округтің экономикалық, әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерделей келе, төмендегі мәселелерге назар аударатын боламын.
– жауапты билік пен тиімді басқару жүйесін құруға;
– әкімдік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға;
– экономикалық даму мен өсімге;
– инфрақұрылымды дамытуға;
– ауыл шаруашылығын дамытуға;
– тұрғындарды жұмыспен қамтуға;
– әлеуметтік саланы дамытуға;
– тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елді мекендердегі санитарлық тазалықтың сақталуына, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыс­тарының сапалы жүргізілуіне;
– интернетті қолжетімді етіп, байланыс желісін жақсартуға;
– жеке қаражат есебінен инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға жағдай жасаймын.

Тапсырыс беруші: Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне кандидат Алтынбеков Н.С.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.