ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ТӨЛЕКОВ НҰРӘДІЛ РАХМАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Төлеков Нұрәділ Рахманұлы, 1991 жылы 22 ақпанда Жуалы ауданы, Тоғызтарау ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2013 жылы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратында касса ісі жөніндегі инспекторы болып бастадым. 2016-2022 жылдары Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.
Отбасымда 3 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
«Amanat» партиясының мүшесімін.

ЕЛДІ МЕКЕНДІ КӨРКЕЙТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМ

2022 жылдан бастап Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып қызмет етіп келемін. Осы уақыт аралығында ауылды ауызсумен толық қамтамасыз еттім. Өткен жылы ауылдық округті газдандыру мәселесінің оң шешім табуына, ауылға алғаш рет көгілдір отын кіргізілуіне өз үлесімді қостым.
Адам еңбегінен қуаныш таба білсе бойына күш-қайрат қосылып, жұмысқа деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Мен де еңбегіммен шабыттанып, маңдай терінен нәр алып жүрген азаматтың бірімін.
Тоғызтарау ауылдық округінің әкіміне үміткер ретінде төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
– Тоғызтарау ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне 100 пайыз асфальт төсеуге;
– 2030 жылға дейін ауылдық округ аумағын абаттандыруға және ауылдың көркеюіне, жергілікті жерде шағын кәсіпкерліктің дамуына;
– ауыл тұрғындарының, оның ішінде ана мен баланың денсаулығы, яғни ауылдағы медициналық және мал дәрігерлік қызметтер сапасының артуына;
– Тоғызтарау ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне толық түнгі жарық орнатуға;
– Тоғызтарау, Жаңаөткел ауылдарына балалар ойын алаңдарын салуға;
– Тоғызтарау ауылына демалыс саябағын салуға;
– «Amanat» партиясы аудандық филиалы «Тоғызтарау» БПҰ-ның кабинетін ашуға және жабдықтауға;
– партияның «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындардың жеңілдетілген 2,5 пайыздық микрокредиттер алуына;
– партияның «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары аясында жұмыстар жүргізіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге қосымша қаржыландыру көздерін қарастыруға және партиямен бірлесіп, бюджеттен қаражаттың бөлінуіне;
– жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруды ұлғайту, бюджеттік және төлем тәртібін қатаң сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге ықпал етемін.
Алар асуымыз – алда, тек қана бірге, тек қана алға, ардақты ауылдастар!

Тапсырыс беруші: Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне кандидат Төлеков Н.Р.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.