ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ СӘДІР НҰРСЕЙІТ ӘСЕТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы, 1997 жылы 25 тамызда Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдім. 

Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2019 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2019 жылы Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысшы болып бастадым.
2022-2024 жылдары Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым. 2024 жылдың 12 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келемін.
Отбасымда 2 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАМЫН

Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өз сайлаушыларыма төмендегідей бағдарламамды ұсынып, оның орындалуына ықпал жасауға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
Егер менің сайлаушыларым маған үміт артып, Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып сайланатын болсам, онда алдағы төрт жылда:
– ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына;
– елді мекендердің тазалық жұмыстарын ретке қою, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге;
– ауылдық округтің көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге;
– «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырып, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға;
– әлеуметтік аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге;
– ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі бағдарламаларды түсіндіре отырып, бағыт-бағдар беруге;
– ауылдық округке ірі кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, жұмыс орын­дарын ашу, жұмыссыздық деңгейін азайтуға;
– байланыс желісін жақсартып, интернетті қолжетімді етуге;
– спорт кешенін салуға күш саламын.
Құрметті ауыл тұрғындары, осы күнге дейін жинаған тәжірибемді пайдалана отырып, осы айтылған міндеттерді орындауға аянбай тер төгуге дайынмын. Сондықтан маған дауыс беріп, сенім білдірулеріңізге болады.

Тапсырыс беруші: Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне кандидат Сәдір Н.Ә.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.